Галина ҚАРПЫҚОВА, Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернат директоры, педагогика ғылымдарының кандидаты: Болашақты мектеп қалыптастырады

галина  уразовнаДана халқымыз "Жаңа жылда жарылқа, ескі жылда есірке" деп жатады. Жалпы жылдың жаманы жоқ. Әр уақыттың өзіндік ырыздығы болады. Дегенмен, облыс орталығындағы білімнің қара шаңырағы Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының ұжымы үшін жылқы жылы  табысты өтті.  Осы жылы да шәкірттеріміз Ұлттық бірыңғай тестілеуде жоғары балл жинады. Осылайша біздің мектеп өзінің үздік нәтижесімен өңірде білімнің көшін бастап тұр.
Сонымен қатар, жылдың тағы бір жаңалығы – Ыбырай атамыздың тұңғыш ашқан мектепке 150 жыл толды. Осынау атаулы мереке мектебімізде жыл бойы аталып өтілді.
Оның сыртында біраз шәкірттеріміз ұстаздарының сенімдерін ақтап, пән олимпиадалары мен оқушылардың ғылыми жобаларында топ жарды.  Арғымақ  жылы  біздің ұжымда игі өзгерістер мен бақытты сәттер, жаңа жетістіктер аз болған жоқ.
 Жаңа жылдан тек жақсылық күтемін. Елімізді әлеуметтік-экономикалық жағынан нығайтатын, халқымыздың өмір сүру сапасын, әл-ауқатын жақсартуға ықпал ететін берекелі жыл болсын.
Халық арасында "қойдан жуас", "қой аузынан шөп алмас" деген теңеулер жиі қолданылады. Бұл қой жануарының момақан, көнбіс екендігін білдіреді. Есіктен енгелі тұрған қой жылының қысы қытымыр емес, жылы, жазы жайлы болады  деген сенім бар. Лайым,  жаңа жыл жағымды жаңалықтарымен қуантып, мемлекетіміздің іргесі берік  болғай!  Ортақ шаңырағымызда бейбітшілік пен келісім орнап, еліміз өсіп-өркендей берсін. Баршаңызға мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр, жанұяларыңызға ырыс-дәулет, ашық аспан, шуақты күндер тілеймін.
 
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓