Көппен бірге іс бітер
Қаламызда сенбілік жұмыстары жаппай қолға алынуда. Көктем шыға аула ішін ретке келтіріп, оң өзгерістер енгізіп тұру Чкалов көшесі он бесінші үйдің тұрғындары үшін де дәстүрге айналған. Айтулы іске мұрындық болып жүрген Нығмет Суханов сынды жерлесіміз. Ол жуырда көшеттің түр-түрін әзірлеуді кәсіп еткен Валентина Ободовская есімді кісіден акция бойынша отыз көшет алдырып, тұрғындар өз аулаларын жасыл-желектермен көмкерді.
– Игі шараны Ұлы Жеңістің жетпіс жылдығына орай ұйымдастырдық. Бұл біз үшін зор мақтаныш, ұрпағымыз үшін өнеге, мәңгі естелік,- дейді Нығмет Ғабдоллаұлы.
Айбек ЖҮЗБАЙ
Суреттерде: Нығмет Суханов, іс-шарадан көріністер.