Шағым қайта қаралады

Қостанай облыстық соты 7 жастағы Виктория Ганяны өлтірді деп айыпталған Денис Лесниковқа қатысты үкімге түскен шағымды қарайды, – деп хабарлайды облыстық соттың баспасөз қызметі. «12 мамырда Қостанай облыстық сотында 1983 жылы туылған Лесников пен оның адвокатының шағымы қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасында қаралады», – делінген хабарламада.Баспасөз қызметінің мәліметінше, ол жазасын жеңілдетіп, өмірлік бас бостандығынан айыруды нақты мерзімге ауыстыруды сұрап отыр.В.Ганя
Еске сала кетейік, Виктория Ганя 2014 жылы көктемде қаза тапқан болатын.
Лесников 2014 жылы шілдеде ұсталды. Тергеу барысында оның 2011 жылдан 2014 жылға дейінгі аралықта бес рет ұрлық жасағаны, екі рет кәмелетке толмағандарды зорлағаны, кәмелетке толмағандарды ұрлап, төрт рет адам өлтіргені анықталды. Виктория Ганядан бөлек ол тағы бір кәмелетке толмаған қыз бен екі ересек әйелдің өліміне кінәлі деп танылды. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, Лесников әділеттіліктен қашып, скутер ұрлағаны сынды ұсақ қылмыстарын мойындап, түрмеде тығылған. Сот оның бас бостандығын өмір бойғыға айыру туралы шешімді 6 наурызда тағайындады.
 
Шұға Аңсаған

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓