«Жеңіс жастар көзімен»

Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерейтойына орай облыс аумағында «Жеңіс жастар көзімен» эссе байқауы ұйымдастырылған болатын. Аталмыш конкурстың қорытындысында үздік авторлар мен эссе кейіпкерлері марапатталды.IMG_3334
Байқауға жүзден аса шығарма келіп түскен. Қатысушылардың жасына шектеу қойылмады. Оқушылар мен студенттер және шығармашыл жастардың шығармаларында  ардагерлер ерлігі баяндалған. IMG_3341Кейбір авторлар өздерінің майдангер аталары және соғысқа қатысқан туысқандары туралы жазған. Жеңімпаздардын марапаттау рәсіміне қазылар алқасының мүшелері-облыстық мәслихаттың депутаты А.Досжанова, облыстық мәслихаттың хатшысы С.Есжанов, «Нұр Отан» партиясы ҚОФ төрағасының бірінші орынбасары Ә. Сапарова, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы К.Укин, «Қостанай-Агро» газетінің бас редакторы Л.Шуленова қатысып сөз сөйледі.IMG_3269 Эссе байқауының гран-приін Әлібек Қалтаев жеңіп алды. Жастардың шығармаларына арқау болған кейіпкерлерге де сый-сияпат жасалды. IMG_3308
-Тарихта ұрпақтар сабақтастығы деген ұғым бар. Әрбір буын бастан кешкен оқиғаны келесі толқынға айтып, санасына сіңіруі керек. Мысалға биыл ел болып Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өтеміз. Осыншама уақыт өтсе де қазақтың мемлекеттілігінің тарихын ұмытқан жоқпыз. IMG_3383Себебі ол ұрпақтар сабақтастығы арқылы жүзеге асты. Биыл Ұлы Жеңіске 70 жыл толып отыр. Бұл дегеніміз арада үш ұрпақтың алмасқанын білдіреді. IMG_3417Бір қуаныштысы, отты жылдардың тарихы, бабалардың ерлік істері үш ұрпақтың санасынан өшпеген екен,-деді облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Кенжебек Укин. 
 
Қымбат ДОСЖАНОВА
Суретті түсірген Бағдат АХМЕТБЕКОВ.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓