Жиһаз жасау сыры

Ел экономикасына үлкен серпін беретін саланың бірі – жиһаз өндірісі. Жиһаз өндіру секторы қарқынды дамып келеді. Жаңа компаниялар мен жеке кәсіпкерлер пайда болып жатыр.  Осылайша, отандық нарықта бәсекеге қабілеттілік өсуде. Қостанай өңірінде жиһаз өндірумен айналысатын жастар бар. Солардың бірі – архитектор мамандығының студенті Виктор Крат.
«Бастапқыда мен жиһаз жасауды үйреніп, кәнігі шеберлерге көмектесуден қана бастадым. Қазіргі уақытта толыққанды маман ретінде жұмыс істеймін. Жиһаз жасауда өндіріс материал ішінен, негізінен, ағаштан жасалған талшықты тақтайларды қолданамыз. Өндіру уақыты әдетте тапсырыстың күрделілігіне байланысты бір аптаға жуық келеді», – дейді Виктор.
Қазір адамдардың таным-талғамы артып, жайлы өмір сүруге талпынуда. Сондықтан оған сәйкес, дайын тауарды емес, тапсырыспен жасалатын жиһаздың қатты түрін дайындау қажет. Тұтынушылар ғимараттың көлеміне байланысты биіктігі мен еніне қарай тапсырыс береді. Виктор атап өткендей, бір қараған адамға кәдімгі тақтай боп көрінсе де, оның қиюын келістіріп, әдемі дүние етіп шығару да оңай емес.
«Тапсырыс беру арқылы жасалған жиһаздың артықшылығы жиһаз орналасатын бөлмеге сәйкес өлшемге ие. Бүгінгі таңда танымалдылыққа ие стильдердің бірі – скандинавиялық, аталмыш түстер осы стильге тән: ақ, сұр, графит және бетон. Бұл саланың ерекшелігі – әдемі сыртқы түрі мен пішімі және әмбебаптығы. Болашақта жиһаз өндіру кәсібі жоғары деңгейге көтеріледі деген сенімім мол», – дейді маман.
 
Ділназ Ізтелеуова,
3-курс студенті

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓