Қостанайлық жастар Елбасын қолдайды
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты ұлықтау рәсімі басталғанда еліміздің барлық өңірлерінде флешмобтар ұйымдастырылды. Тобыл өңірі де қалыс қалған жоқ. Қостанайдың Достық үйінің алдында өткен іс-шараға қала колледждерінің 300 студенті жиналды.
– Жастар елдің болашағы. Еліміздің өркендеуі мен биік белестерден көрінуі сіздердің еншілерңізде. Біз сіздерге үлкен үміт артамыз, деді «Дуслық» татар-башқұрт орталығының төрағасы Ринат Бектеміров.
Жиналған қауым 26 сәуірде өткен сайлау мен Қазақстан Республикасы Президентін ұлықтау рәсіміне өз қолдауларын білдірді. Қолдарына жалау ұстаған студенттер мен ересектер көтеріңкі көңіл күймен билеп, қуаныштарын жасырған жоқ.
Махаббат Бекбай
Суретті түсірген Айбек Жүзбай