Партиялар келісімге келді

Тобыл өңіріндегі түрлі партиялардың өкілдері бас қосты. Ішкі саясат басқармасының бастамасымен ұйымдастырылған  жиын – қалыптасқан дәстүрге сай,  алдағы мерекелерге орайластырылған құттықтау хатына қол қоюдан басталды.IMG_3429с
– Мұндай құжатқа қол қою өте орынды. Мәтінді оқып шықтым. Менің көңілімнен шықты. Бүгінгі таңда тарихты бұрмалауға тырысқандар шығып жатыр. Бұл соғысты Ұлы Отан емес Екінші дүниежүзілік соғыс деп атағысы келеді. Сондықтан бүгінгі басқосудың маңызы зор деп санаймын. Біз  бірігіп қана, теріс пікірдің таралуына тойтарыс бере аламыз. Қасық қаны қалғанша фашизммен күрескен аталарымыздың ерлігін ұмытпауымыз керек,  деді «Жалпы ұлттық социал-демократиялық партиясы» облыстық филиалының төрағасы Сергей Богатырев.IMG_3461с
Басқосу барысында, кезектен тыс Президент сайлауы да әңгіме арқауына айналды. Осы орайда, өз ойын ортаға салған еліміздің коммунистері ел тұрғындарының ұйымшылдығына тоқталып өтті.
– Қазақстан халқы бірлігі мен ұйымшылдығын 26 сәуір күні барша әлемге танытты. Сайлауға белсенді қатысып, өз таңдауларын жасады. Отандастарымыз бір адамдай Нұрсұлтан Назарбаевқа дауыс берді. Бұл Елбасының ұстанған саясатын қолдау, оған деген сенімнің зор екендігін айқындайды. Мұндай бірлігі жарасқан ел кез келген қиындықтардан сүрінбей өтеріне  күмән жоқ,  – деді Қазақстан коммунистік халықтық партиясы облыстық комитетінің хатшысы Алпысбай Әлімбаев.IMG_3451с
Журналистер сауалдарына жауап берген партия өкілдері алдағы Ұлы Жеңістің 70 жылдығына қатысты жоспарларымен бөлісті. Бірі қаржының тапшылығына байланысты салтанатты шерумен шектелерін жеткізсе, енді бірі ардагерлерге сый-сияпат жасарын алға тартты.
 
Махаббат Бекбай
Суретті түсірген Бағдат Ахметбеков

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓