Қостанайда эбола вирусы анықталды

Қостанай әуежайына келіп қонған ұшақ жолаушыларының бірінде эбола вирусы анықталды. 20150420_144509Науқасты қасындағы азаматтардан оқшаулау үшін барлық шара  қолданылды. Дереу оқиға орнына барлық құзырлы органдар жұмылдырылды. 20150420_144720Вирусты нақтылау үшін инфекционист мамандар мен ұшақты залалсыздандыру дезинфекторлар дереу өз міндеттеріне кірісіп кетті.20150420_144742
Қауіпті вирустың Қостанай облысына таралуына жол бермеу үшін де шара қолданыла бастады. Қажетті медициналық құралдар мен дәрі-дәрмек қоры жасалды. Дерттің етең жаймауына және жойылуына бар күш жұмсалды.20150420_145452
Осындай сценариймен Қостанай әуежайында оқу-жаттығу іс-шарасы өтті. Аса қауіпті эбола вирусы анықталған жағдайда мамандардың дұрыс шешім қабылдап, жедел әрекеттер жасауға жаттықты.
 
Махаббат Бекбай

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓