Көліктен 4 млн теңге ұрлап кеткен

Қостанай полицейлері көліктен ірі сомада ақша ұрлаған белгісіз ер адамды іздестіріп жатыр.

"16 тамызда Қостанай қаласының ПБ Солтүстік полиция бөліміне ер адам хабарласып, құрылыс материалдарын сатып алған сауда үйінің аумағында MAN маркалы автокөлігін тұраққа қойғанын хабарлады. Көлік құралының иесі тауар тиеу кезінде анықталмаған адамның 4 миллион теңгеге жуық қаражатын қалай қолды қылғанын байқамай қалған. Қаскүнемді әшкерелеу зардап шегушінің көлігіне орнатылған бейнетіркегіш аркылы іске асты", – деп хабарлайды облыстық ПД баспасөз қызметі.

Жазбадан күдіктінің азиялық келбетті екенін көруге болады. Оның басқа да ұрлықтарға қатысы болуы мүмкін. Аталған факті "Ұрлық" бабы бойынша тіркелді. Іздеуші туралы белгілі адамдардан полиция 102 телефон нөміріне қоңырау шалуды сұрайды.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓