“Кселл” тұтынушыға бағытталған инновациялық қызметі үшін марапатталды
"Kcell" акционерлік қоғамы беделді халықаралық "Global Telecoms Business Innovation Award-2014" сыйлығының иегері атанды. Компанияның "Ұлы Жібек жолы" саяхатшыларға арналған қосымшасы "Тұтынушыға бағытталған инновациялық қызмет" санаты бойынша марапатталды. Осы мобильдік қосымша халықаралық деңгейде абоненттерге арналған ең жақсы инновациялық қызмет ретінде мойындалды.
Kcell-дің бас атқарушы директоры Әли Аған: "Ұлы Жібек жолы" қосымшасы арнайы мемлекет қонақтарына арналып жасалды. Бұл мәдени, тарихи құндылықтарды және назар аударарлық жерлерді зерттеуге арналған көмекші. Қосымша қазіргі заманғы ин-терактивті формада жұмыс істейді. Онда үш бөлім, Ұлы Жібек жолының үш ұлы кезеңі көрсетілген. Біздің иннова- цияларымыз мойындауға ие болғаны үлкен құрмет", – деп атап өтті.
"Global Telecoms Business Innovation Awards-2014" сыйлығы 2006 жылдан бастап әлем бойынша телекоммуникация индустриясында іске асырылған үздік инновациялық жобалар мен бастамалар-ға беріледі. Осы байқаудың ұйымдастырушысы "Global Telecoms Business" журналы, ол әлемдегі телекоммуникация саласындағы жетістіктер туралы жазады. Жеңімпаздарды жыл сайын Лондонда марапаттайды.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, телекоммуникация саласы инновациялардың көзі болып саналады, ол бизнес пен экономиканың дамуына өзінің мол үлесін қосуда. "Global Telecoms Business" журналының редакторы Алан Беркитт-Грейдің айтуынша "Осы жылы басқа уақытпен салыстырғанда бізде номинация саны өте көп болды. Ең белсенді дамып келе жатқан салалар – мобильдік ақша және М2М қызметін қостық. Global Telecoms Business Innovation Awards сыйлығының мақсаты ол телекоммуникация саласында мобильдік операторларымен жүзеге асырылған ең жақсы жобалар туралы айту".
Биыл сыйлықтар бес номинация бойынша берілді: белгіленген желідегі инновациялар, сымсыз желідегі инновациялар, көтерме сатылымдағы инновациялар, бизнес қызметтегі инновациялар және тұтынушы қызметтегі инновациялар. Кселл тұтынушы қызме-тіндегі инновациялар санатында ең жақсы жобаларымен 12 компанияларының қатарына іріктелді. Осы санатта AT&T мен Cisco ұсынған "Автоматтандырылған үйдің сандық қауіпсіздік жүйесі" жобасы, TTNET пен MasterCard ұсын-ған "IPTV-ге арналған е-сауда қосымшасы" және Tunisiana мен Ericsson компанияларының "Тұтынушыларға қызмет көрсетуді жақсартатын өз-өзіне қызмет көрсету порталы" сияқты жобалары бар.
Осы сыйды тарта тұрып Global Telecoms Business редакторы Алан Беркитта-Грей былай деді: "Kcell-дің "Ұлы Жібек жолы" қосымшасын жасаудағы табысы инновациялар саласындағы жағымды үлгі болып табылады. Бұл Қазақстанда телекоммуникация саласында тұтынушыларға сапалы қызмет көрсетілетінін көрсетеді. Біз Kcell ұжымын осы сыйлықпен құттықтаймыз және сәттілік тілейміз".
Кселл және Актив абоненттері "Ұлы Жібек жолы" қосымшасын 2014 жылдың ақпан айынан бастап қолдана алады. Қосымшаның үш тілде: қазақ, ағылшын және орыс тілдеріндегі ыңғайлы интерфейсі бар әрі бұл үш дәуірге бөлінген карта. Осы арқылы Ұлы Жібек жолының дамуының негізгі кезеңдерін оңай зерттеуге мүмкіндік болады. Карталарда барлық ескерткіштердің орналасқан жерлері, және де көне мемлекеттердің шекаралары белгіленген. Әр картада Google Mapқа байланысты белгілер бар. Картадағы белгіні баса отырып сіз сол архитектуралық нысан туралы толық ақпарат аласыз. Ол бетте қазба жұ-мыстары жүріп жатқан жеріндегі екі фотосуреті бар. Қосымшада өзінің геолокациясы бар, сондықтан тарихи ескерткішті табу оңай. Екі-үш ай ішінде ол AppStore мен Play Market-тің ең танымал қосымшаларының қатарына қосылды.