Донор күні

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қостанай облысы бойынша өкілдігі қан тапсырып, донор күнін атап өтті. Бұл шара облыстық «Қан орталығы» мекемесі тарапынан қолдау тауып, сауапты амалды бірігіп атқарды.IMG_9815Аталмыш шара Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының арнайы тапсырмасы аясында быйыл 2-рет өткізіліп отыр. Оған облыстық мешіт жамағаты қалалар мен аудандардың имамдары, ерікті намазхан азаматтар қатысты.
Әрине, донор болуға әр адам ниетті болғанымен, оған арнайы дайындық арқылы алдын ала хабарландыру айтылып, жүзеге асты. Осылайша, 28 адамның әр қайсысы 450 грамнан қан тапсырды.IMG_9806Өз кезегінде облыстық «Қан орталығы» ұжымы мұсылмандар тарапынан жасалған ұсыныстың әрдайым қолдау табылатынына ризашылығын білдірді.
        
ҚМДБ Қостанай облысы
өкілдігінің баспасөз қызметі

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓