Алғашқы түлектер қанат қақты

Бүгін елімізде соның ішінде облысымыздағы мектептерде соңғы қоңырау мерекесіне арналған салтанатты іс-шара болып өтті. Қостанай қаласындағы физика-математикалық бағытындағы зияткерлік мектебінде  өткен сондай салтанатқа облыс әкімінің орынбасары  Марат Жүндібаев қатысты.IMG_3376
– Ашылғанымызға екі жыл болды, енді міне, алғашқы түлектерімізді ұшырып отырмыз. Мектебімізді қазақ және орыс  тілдерінде білім алған жиырма тоғыз түлегіміз бітіріп отыр. Олардың бесеуі «Алтын белгіден», біреуі үздік үлгідегі аттестаттан үміткер.  Түлектеріміздің барлығы сыртқы суммативтік бағалау емтихандарын тапсырды. Бұл емтихандар Ұлттық бірыңғай тесттілеу іспеттес, неге десеңіз басқа жалпы білім беру мектептерінде оқушылар он бір жыл оқыса, бізде он  екі,  ол сыныптар бейіндеу сыныптар болып табылады. Сондықтан да  тапсыратын емтихан ҰБТ секілді,  пән таңдау, емтихан саны дегендей.IMG_3395 Емтихандарды республикалық деңгейде яғни Астана қаласында құрылған комиссия қарайды, қорытындылайды. Нәтижесін күтіп отырмыз.  Сол секілді таяуда  7 сыныпқа, қазақ, орыс тілдерінде оқыту  бойынша екі-екіден төр сыныптың  сексен оқушыны қабылдап алдық, олар емтихандарын сәтті тапсырып, Президент атындағы «Өркен» грантын жеңіп алды,-деді Қостанай қаласындағы физика-математикалық бағытындағы зияткерлік мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары  Назгүл Қуанышбаева.IMG_3532
    Салтанат аясында облыс әкімінің орынбасары Марат Жүндібаев,  зияткерлік мектептің директоры  Думан Сапақов түлектерді, мектеп ұжымын, ата-аналарды, келген қонақтарды оқу жылының аяқталуымен, соңғы қоңырау мерекесімен құттықтап, жылы лебізін білдірді. IMG_3491Шешендер өз сөздерінде  елімізде  жастарымыздың уақыт талабына сай білім алулары үшін барлық жағдайдың жасалынып жатқандығын, сондықтан да  мектеп бітіруші әр түлек өмірдің үлкен жолында өз таңдауын жасап,    елінің лайықты азаматы  атанып,  өздерінің соны үлестерін  мемлекетіміздің көркеюіне, экономикалық дамуына үлестерін қосатындықтарына зор сенім артатындықтарын жеткізді.IMG_3445
Салтанатта   республикалық, халықаралық, облыстық  білім, мәдениет, спорт сайыстарында жоғары нәтиже көрсеткен бір топ оқушы, сол оқушыларды даярлаған ұстаздар, оқушылардың ата-аналары алғыс хаттармен марапатталды. Ал, зияткерлік мектептің  оқушылары болса өздерінің шағын өнерлерін жиналған жұртшылыққа көрсетті, мектеп вальсі болды, аспанға шарлар ұшып, түлектер үшін соңғы рет қоңырау сылдырлады.IMG_3411
 
IMG_3690Гүлназым САҒИТОВА
Суретті түсірген Бағдат АХМЕТБЕКОВ
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓