Елбасының жеңіске жетуі – елдің баянды болашағы

Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауында жеңіске жетуіне орай елімізде өтіп жатқан жеңімпаздар форумы Арқалық қаласында да көрініс тапты. Оған "НұрОтан" партиясының өкілдері, "ЖасОтан" жастар қанатының мүшелері қатысты. Салтанатты жиында қала әкімі Ғазиз Бекмұхамедов құттықтау лебізін білдіріп, қалалық сайлау комиссиясының мүшесі Алмагүл Жұмабаева сайлау қорытындысымен таныстырды. Президент сайлауына арқалықтықтар да асқан белсенділік танытты. Сайлау учаскелеріне келушілер деңгейі 95% – ды құраса, сайлаушылардың 97,5% – ы Елбасын қолдап дауыс берген.DSCF9474
Форумда сөз алған АрқМПИ ректоры, академик Сейтбек Қуанышбаев, қалалық мәслихаттың депутаты Күлнар Жаңабаева, ҚХА мүшесі Жәнібек Ғапбасов, Жастар бастамалар орталығының жетекшісі Аманкелді Ахметжановтар: Елбасының жеңіске жетуі – елді баянды болашаққа бастайтындығын алға тартты.DSCF9460
Жастар "Нұрлы жол! Нұрсұлтан! Қазақстан!", "Алға қазақстан! Жаса қазақстан!" деп ұрандатты. Өнерпаздар да өрісті өнерімен шашу шашып, рухты асқақтатты.
 
Мұрат Жүнісұлы
Арқалық қаласы.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓