Зұлматты жылдар зардабы

31 мамыр – бүкіл қазақ елі үшін өлгенге иман, өткенге салауат тілейтін ауыр күн. Сол бір заманның қанқұйлы саясатының кесірінен қаншама қазақ баласы жазықсыз зардап шекті. ХХ ғасырдағы саяси қуғын-сүргін тарихымыздың шерлі беттерінің бірі болып саналады. Біздің бүгінгі борышымыз осы зұлмат жылдардың оқиғасын, оның жазықсыз құрбаны болған азаматтардың есімдерін ұмытпай, мәңгі есте сақтау.
Осы күнге орай тарих ғылымдарының кандидаты Серікжан Исмаиловтың «Қазақстандағы саяси қуғын-сүргін» тақырыбындағы онлайн режиміндегі дәрісі өтті. Облыстық ішкі саясат басқармасы мен «Қостанай таңы» газеті редакциясы бірлесе өткізген тікелей эфирде спикер аталмыш тақырып бойынша лекция оқып, деректерге тоқталды.
­-Бұл тақырып төңірегенде әлі де ашылмай келе жатқан сұрақтар көп. Бүгінгі күні бізге мәлім болып отырған деректер адам шошырлық. Ашаршылық заманында 6,5 млн халықтан жартысы ғана қалған. Шет ел асып кеткен қандастарымыз қаншама. Осы жылдарда қазақ халқы бар бетке ұстар азаматынан айырылды десе де болады. Саяси қуғын-сүргінге ұшыраған саңлақтарымыздың есімі ұмытылмайды. Бұл орайда зерттеуді қажет ететін дүние әлі де жетерлік, ­- дей кетті Серікжан Исмаилов.
Тәуелсіздік алғаннан кейін 1993 жылы сәуірдің 14-інде «Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды. 1997 жылы ҚР Президентінің Жарлығы бойынша, 31 мамыр – саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні болып жарияланды.
WhatsApp Image 2020-05-27 at 20.10.26

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓