1 теңге көлемінде моральдық шығын
Өткен жылдың маусым айында Қарабалық елді-мекенінің орта мектебінің алдында аудан әкімінің орынбасары мен жеке кәсіпкер арасында кикілжің туады. Лауазымды тұлға өз-өзін ұстай алмай, дөрекі сөдер айтап кәсіпкерге күш көрсетеді. Оны қолынан ұстап алып, кіре беріс есікке қарай сүрей жөнелген. Осылайша арызданушының ар-насымысына тиген.
Әкімдік пен кәсіпкер арасындағы келісім бойынша, арызданушы аудандық кітапхананың кіре берісіне жөндеу жұмысын жүргізуі тиіс еді. Өзінің лауазымдық міндеттерін орындай отырып, А. Сұлтанов осы құрылыс жұмысына қатысты іске жауапты еді. Құзыретіне байланысты әкімдік адамы құрылыс нысанына бірнеше рет келіп жүрген.
Сот отырыс барысында арызданушыға дөрекі сөздер айтылып, моральдық шығын келтірілгені расталды. Мұны іске қатысқан куәгерлер сөзі дәлелдеді.
Сот А. Сұлтановтан жеке кәсіпкер Б.Хугоевтың пайдасына 1 теңге көлемінде моральдық шығынды өтеу туралы шешім шығарды.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ. Ьүгінгі күні сот шешім қайта қарай туралы арыз түсті.
Махаббат Бекбай