Қате жазулар түзелді

Газет бетіне қаладағы қате жарнамалар жайында жазып, суретке түсіріп салдық. Мұндағы ойымыз ана тілінің мәртебесін көтеріп, мұндай бассыздыққа жол бермеу. Мемлекеттік тілдің дәрежесін ойламай, ойына не келсе соны жаза салатындарға қандай да бір тосқауыл қою болатын. Осы мақсатты көздеген біздер облыстық тілдер басқармасына хабарластық. Олар да өз тараптарынан қарап қалмады. Қазақ тіліне немқұрайлы қараған жарнама беруші серіктестік басшысына ескерту жасады. Енді сол ескерту орындалды ма деп, арнайы барып, қарап шыққан едік. Қуанып кеттік. Редакция көрсеткен қате жазулар түгелімен өзгертіліпті. IMG_20150208_173741Мысалы “Арада қозғалыста бол дегеніңіз” сурет остановка 2“Қозғалыс – бұл өмір!”,  болыпты.“Өзінің жақыныңды күт!” дегеніміз “Жақындарыңызды аялаңыз” болып жөнге келіпті. SAM_2672
Бұл мүмкін әлі бастамасы болар. “Көп түкірсе көл” деген. Баршамыз жұмыла біріксек қате жазулер түбегейлі дұрысталар. Бірігейік, қазақ тілінің жанашырлары. 
 
Айтолқын АЙҚАДАМОВА

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓