«Елі сүйген, елін сүйген Елбасы»
Аманкелді ауданындағы орталық кітапханада «1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күні» мерекесіне орай «Елі сүйген, елін сүйген Елбасы» атты әдеби-сазды кеш өтті.
Кештің мақсаты: Елбасының өмір жолы, ерен еңбегі туралы кітапхана оқырмандарына түсінік беріп, үлгі тұту, отансүйгіштікке, тәуелсіз ел азаматы болуына тәрбиелеу.
Іс-шараға Аманкелді орта мектебі, Ә.Боранбаев атындағы жалпы білім беретін мектептің оқушылары қатысты.