ҰБТ талаптары өзгертілді
Қазақстан білім және ғылым министрлігі мектеп бітірушілердің білімін бағалау ұстанымдарын өзгертпек. Биыл аттестатқа ҰБТ бағасы ғана емес, орташа арифметикалық баға қойылады.
Осы кезге дейін аттестатқа ҰБТ алған баға ғана қойылған еді. Бала он бір жыл бойы жақсы оқып, соңғы бір сәтте ауырып қалып, не басқа жағдаймен ҰБТ дұрыс баға ала алмаған жағдайлар болады. Сол себепті орташа арифметикалық баға енгізіледі.
Келесі жаңашылдық медальға келе жатқан балалар қатысты болмақ. Кейде үздік оқушыларға ҰБТ кезінде бір не екі балл жетпей жатады. Бұл бала мен ата –ана үшін ғана емес, мектеп, ұстаздарға да ауыр соққы болады. Оқушы 11-12 жыл бойы “беске” оқып, ҰБТ “кездейсоқ” төрт алып, аттестатқа төрт кетуі керек еді. Биылдан бастап олай болмайды. Тиісті құжат ол қазір әділет министрлігінде тіркелуде.
Сонымен қоса оқушының жалпы білім деңгейі ескерілетін болады. Мәселен ол үшке оқып, ҰБТ бес алса, ол жақсы оқушының грантын алып қоюы ықтимал. Мұндайға әділетсіздікке жол берілмейді.
Махаббат Бекбай