Орталық тұсауы кесілді
Бүгін Білім күні қарсаңында Қостанайда даму ерекшеліктері бар балаларға арналған түзету орталығы ашылды. "Аманат и К" мекемесін "Stop autism" ҚБ "АВК" ЖК-мен бірлесіп, ата-аналар мен бизнес-қауымдастықтың қолдауымен ашты.
Орталықта қызметтердің кең спектрі қарастырылған. Мұнда әртүрлі бағыттағы 9 топтың тыңдаушылары үшін сабақтар ұйымдастыру жоспарлануда. 20-дан астам маман мен тәрбиеші жұмыс істейді. Жеке сабақтарға арналған 13 кабинет бар. Қысқа уақыт ішінде орталықта баланы мектепке дайындайды, сапалы педагогикалық түзету жүргізеді, қарапайым өмірлік дағдыларды үйретеді, психологиялық көмек көрсетеді, еңбекке дағдыландырады.
Осы жылы орталықта нан-тоқаш өнімдерін өндіру ерекшеліктеріне оқыту, ерекше жасөспірімдер мен олардың ата-аналарын жұмысқа орналастыру бойынша "Теплый хлебушек" әлеуметтік бизнес-жобасы да орналастырылатын болады.