Сайлау заң шеңберінде өтті

Бұл туралы ТМД бақылау миссиясы делегациясының жетекшісі, Челябі Үкіметінің басқарма бастығы Галина Лопатинская тілшілермен өткен кездесуде айтты.DSCN0174
– Саяси науқан республика конституциясында бекітілген сайлау туралы заңға сәйкес өтті. 26 сәуір күні Челябі облысының бақылаушы өкілдері 11 аудан-қаланың 80 сайлау учаскесінде болып, дауыс беру заңдылығын қадағалады. Сайлау учаскелерінің қызметінде кемшіліктер болған жоқ. Біз науқан барысында комиссия мүшелерінің жұмысын қадағалап, сайлаушылармен сұхбат жүргіздік. Ал халықтың сайлауға белсенділігінің жоғары екенін ерекше атап өткен жөн. Сайлаудың ТМД және халықаралық стандарттарға сай демократиялық тұрғыда өткені туралы алдағы уақытта тиісті баға берілетін болады.   
Облыстық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Сералы Ахметов президент сайлауына 2389 бақылаушы қатысты деді. 39 бақылаушы алыс-жақын шетелдерден келген. Ал бұқаралық ақпарат құралдарының 38 өкілдігі ақпарат таратқан.   
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓