Ауыл шаруашылығы саласындағы оң өзгерістер
Былтырғы құрғақшылық өңіріміздің басқа аудандарымен қатар, Таран диқандарына да оңай тиген жоқ. Қиындық-тарға қарамастан, аудан ша-руалары биыл да іске кірісті.
Биыл бидай көлемі 6 мың гектарға кемігенімен, майлы дақыл, керісінше, бұрынғы жылға қарағанда әлдеқайда артып отыр. Мұны агроөнеркәсіп саласының жетістігі деп білген жөн. Аудан көкөніс өсіруге өте қолайлы өлке. Соңғы жылдары шаруашылықтың осы саласы қарқынмен дамып келеді. Еліміздің ең ірі су арналарының бірі Тобыл өзені ауданды кесіп өте-тіндіктен, ірілі-ұсақты шаруа қожалықтары көкөніс, бақша дақылдарынан қол үзіп көрген жоқ.
Мал және құс шаруашылығы да кенжелеп қалған жоқ. Ауданда ірі қара мал 17,5 пайызға өсті. Басты мақсат – төл басын арттырып қана қоймай, оны асылдандыру тиімді жүзеге асып келеді. Солардың ішіндегі ірілерінің бірі – "Global Beef KZ" 3000 бас асыл тұқымды малға арналған жобасы. Бұл жоба бойынша болашақта Ангус және Герефорд тұқымдарынан ет өнімдерін алуды жоспарлап отыр.
Сонымен қатар, аудан тұрғындары "Сыбаға" бағдарламасына да белсенді қатысуда. Бағдарлама қолданысқа енген үш жыл ішінде аудан шаруашылығы 806 бас ірі қара малын сатып алды.
Суреттер аудандық "Маяк" редакциясының мұрағатынан алынды.