Экспортқа 55 көлік жөнелтілді

     Қостанайда құрастырылған жеңіл көліктердің бір парасы  Тәжікстанға жөнелтілді.  AllurGroup компаниясы елімізге танымал JAC көліктерінің 55 данасын $600 000-ына бағалап отыр. Жалпы, жоба аясында дәл осындай 1000 көлік Тәжік еліне жол тартады. Олардың құны  $10,5 млн-ға тең.jac_eagle_s3_5       Мамандардың пікірінше, 2017 жылдың бес айында еліміз отандық автокөліктердің 341-ін шетелдерге  экспорттаған. Ал Тәжікстанмен арадағы келісім-шартқа сәйкес экспорттың көлемі 16%-ке ұлғаймақ. 
       Естеріңізге салайық, сәуір айында  AllurGroup  компаниясы «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы мен Қазақстанның Тәжікстандағы елшілігінің қолдауымен «Холдинг Азия Групп Таджикистан» компаниясымен екі жақты келісімге қол қойған. Осы келісім аясында 2018 жылдың аяғына дейін Тәжік таксомоторлық паркі қазақстандық көліктермен толықтырылмақ. Сатып алушылардың пікіріне қарағанда, қолжетімді бағасы мен сұранысқа қостанайлық JAC S3 моделіне басымдықға ие болған.  
         Душанбеге жөнелтілген көліктердің бәрі «СарыарқаАвтоПром» зауытында құрастырылған. Экспорттық әлеуетінің артуына байланысты компания алдағы уақытта өнім көлемін ұлғайтуды көздеп отыр. Мәселен, өткен бес айда өндіріс көлемі 440%-ке артқан. 
 
Әлібек ЫБЫРАЙ
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓