Жағдай тұрақталып келеді

      Облыс әкімі Нұралы Садуақасовтың жетекшілік етуімен өңірдің экономикалық-әлеуметтік тұрақтылығына әсер етуші  шұғыл жағдайды мониторингілеу жөніндегі жұмысшы тобының отырысы болып өтті. Онда облыс әкімінің орынбасарлары Ғ.Нұрмұхамбетов пен Б.Жақыпов 20-шы тамыздан бергі қалыптасқан жағдайды баяндады.

IMG_1548

       Аймақ басшысының жетекшілігімен құрылған комиссия әзірге негізгі төрт бағыт бойынша жұмыс істеп жатыр. Олар: тариф саясаты және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, халық көп тұтынатын азық-түлік бағасын қалыптастыру, тұрақтандыру қорының қызметін жандандырып, ауылшаруашылық жәрмеңкелерін ұйымдастыру  және өндіріс орындарында жұмыс орындарын сақтап қалу сияқты қадау-қадау шаралар қолға алынды.
        Облыстың экономикалық-әлеуметтік тұрақтылығын сақтап қалуда бірқатар қйымдастыру шаралары өткізілді. Жанар-жағар май бағасын қадағалау, ірі сауда орындарындағы тауарлар мен азық-түлік бағаларына күн сайын  мониторинг жүргізіліліп жатыр. Мұның сыртында өңірдегі  ірі тауар өндірушілермен, көтерме сауда тасымалымен айналысушылармен, сауда орындарының иелерімен кеңестер өткізіліп, сатылымдағы өнімдердің өзіндік құны өзгермейінше, босату құнын сол күйі сақтауға уағдаласылды. Әсіресе, ет, сүт, ұн өнімдері және жарма, жұмыртқа, сұйық май, көкөніс пен картоп бағаларын негізсіз көтермеу жөнінде келісілді.
       Комиссия өкілдері мәлімдегендей, әзірге  сауда орындарындағы баға тұрақты. Сондай-ақ, азық-түлікті қаптап сатып алушылар да кездескен жоқ. Облыс әкімі Н.Садуақасов базарлардағы жағдайды қалыптастыру үшін тауарларға интервенция жасау қажеттігін алға тартты. Бүгінде өңірлік тұрақтандыру қорында  барлығы 63 млн.теңгеге бағаланған 195,3 тонна өнім сақтаулы. «Тобыл» ӘКК» АҚ-ына тұрақтандыру қорын одан әрі толықтыра түсу жөнінде  тапсырма жүктелді.
       29-шы тамыздан бастап, әр аудандар мен қала орталықтарында ауылшаруашылық жәрмеңкелері басталады. Облыс әкімі жәрмеңкеге ірі-ірі тауар өндірушілерді шақырып, халыққа ұсынылатын тауарлар көлемін көбейту керектігін міндеттеп отыр.
       Егер жұрт сауда нүктелерінде азық-түлік бағаларының негізсіз өскенін байқаса, онда 109 нөміріне қоңырау шалуларына болады. Ал облыс тұрғындары үшін облыстық ауылшаруашылық басқармасында  54-24-84 телефоны жұмыс істейді.
      -Халықтан түскен бірде – бір шағым немесе өтініштер қараусыз қалмауға тиіс,-деп атап өтті Н.Садуақасов.
 
Айбек КӘДІРҰЛЫ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓