Жастар – болашағымыз

Биылғы жылы ауданда 106 бала мектеп бітіреді. Олармен аудан әкімі кездесіп, бір күн бойы түрлі шаралар аясында бірге болды. Олар "Варварин" кен орнында, "Майлин" ЖШС болып, жұмыс барысымен танысты. Жастарға аға толқын өкілдері ақылдарын айтып, өнерлерін де көрсетті, "Қалиев" ЖШС басшысы Қалиев операдан үзінді орындады. Ал жастардың арасынан Е.Киселевич Абайдың әнін шырқап, көпшілікті тәнті етті. Бұл жастардың есінде қаларлық жылы кездесу болды.