Үлгерімсіздерге де шәкіртақы төленеді

Келесі жылдан бастап Елбасының тапсырмасына сәйкес кәсіптік және теxникалық білім тегін беріледі. Сондай-ақ, жұмысшы мамандығында оқитындардың барлығы шәкіртақы алады. Бұл туралы бүгін Парламент мәжілісінде «Баршаға арналған ақысыз теxникалық және кәсіптік оқу, дуальді оқытуды енгізу» атты жиында ҚР Білім және ғылым министрлігі Теxникалық және кәсіптік білім департаменті басшысының орынбасары Ернат Жүнісов айтты, деп хабарлайды Биньюс.стипуха"Бүгін Мәжілісте екі мәселе қаралды. Біріншісі – теxникалық және кәсіптік білімді тегін беру, екіншісі – дуальді оқытуды енгізу. Елбасы келер жылдан бастап кәсіптік білімді тегін беру туралы тапсырма берген. Министрлік осы бағытта жұмыс істеп жатыр. Бүгінгі таңда Үкімет тарапынан жұмыс тобы құрылған. Бес отырыс өткізілді. Жақында болған жиында жергілікті атқарушы органдармен қаражат мәселесін қайтадан қарастыру тапсырылды. Жылдың аяғына дейін бұл мәселені толық талқылайтын боламыз", – деді Ернат Ғафуұлы.

Департамент басшысының орынбасары бұл жобаның негізгі мәселелеріне тоқталды.

«Жұмысшы мамандықтар тегін оқытылады. Мұны Білім туралы заңның сегізінші тармағына енгіздік. Жұмысшы мамандығын алатындар санын арттыру мақсатында оқу бағдарламаларын әзірледік. Осы мақсатта республикалық бюджеттің есебінен 21 мың маманға орын бөлуді көздеп отырмыз. Қалған орынды жергілікті бюджет есебінен қарастырмақпыз. Бірінші кезекте мектеп бітіріп, оқуға түспеген жастарға беріледі. Сондай-ақ, өзін-өзі жұмыспен қамтыған жастарға да мүмкіндік болады. 9 бен 11-сынып бітірген түлектер біздің тегін кәсіптік және теxникалық білім беруімізге қатыса алады», –дейді ол.
БҒМ өкілі жұмысшы мамандығында оқитындардың барлығы бір мезгіл тегін тамақпен және шәкіртақымен қамтамасыз етілетінін айтты.
«Бұрын жұмысшы мамандыққа түсетіндер тегін тамақпен қамтамасыз етілетін. 2012 жылдан бері бұл тоқтатылды. Енді соны қайта бастау мәселесі шешіліп жатыр. Жұмысшы мамандығына түсетіндер алдағы уақытта бір мезгіл тегін тамақтана алады. Осы уақытқа дейін тек жақсы оқитындарға стипендия беріп келсек, енді үлгерімі төмен студенттерге де шәкіртақы беріледі», – деді Ернат Жүнісов.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓