Тоғызыншы тур-тоғызыншы орын

«Тобыл» тоғызыншы турда тағы ұтылды. Бұл жолы Шымкенттің «Ордабасы» командасына 1:3 есебімен жолберді. Ойын басталған бетте қонақтар алдыға бірден лап қойып, А.Петухов қақпасының алдындағы қарбалас сәтті өз пайдасына жарата білген Александр Гейнрих есеп ашты. Бұл матчтың бар болғаны 15-ші секунды еді.Ордабасы 20 минутта «Ордабасы» футболшылары таблодағы есепті еселеді.Александр Симчевич «Тобыл» қақпасын дәл көздеп, командаластарын алға шығарған. Арада 12 минут өткенде Игорь Бугаев Андрей сидельноков қақпасыныңкілтін тапты. Бұдан кейін де жерлестеріміздің есепті теңестіруге, тіпті жеңіске жетуге мүмкіндіктері мол болған. Бірақ, ала доп «Ордабасы» қақпасына дарымай-ақ қойды. 39-ші минутта Иван Божич есепті 1:3-ке жеткізіп, «Тобылдың» жігерін біржола құм қылды. Осыдан кейін қоржынында бар болғаны 8-ақ ұпайы бар қостанайлық клуб турнир кестесінде тоғызыншы орынға сырғыды. Енді С.Масленов шәкірттері 3 мамыр күні «Астанаға» қонаққа барады.
 
Айбек КӘДІРҰЛЫ
Суретті түсірген Бағдат АХМЕТБЕКОВ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓