Жәрмеңкеде-жергілікті өнім

Облыс орталығында сенбілік ауылшаруашылық тауарларының жәрмеңкесі өтті. Оған өңіріміздің аудан, қалаларынан жүзден астам жеке шаруашылық иелері қатысты.
Таңертеңгі сағат 10.00 де басталған жәрмеңкеге халық көп жиналды. Қалың бұқара ауа-райының қолайсыздығына қарамастан арзан тауар алуға асыққандай. Бұл жолы да жұмыртқа мен ет сатушылардың саудасы қыза түсті.20150425033613 Себебі осы аталған тауар түрлеріне сұраныс мол. Өзге де тауарлардың бағасы көк базардан әлде қайда төмен. Мәселен, сиыр етінің келісі 800 тг, шошқа етінің келісі 850 тг, жылқы етінің келісі 1000 тг. Жұмыртқаның бағамы 120-140 теңге. Мұндағы сауданың жай-жапсарымен танысу үшін облыс әкімі Нұралы Садуақасов жәрмеңкеге арнайы барып, сатушылар мен тұрғындардың ой-пікірін білді.20150425033614 (1) Отандық өнімге деген сұраныс деңгейін көрді.
– Жәрмеңкенің арқасында халық төмендетілген бағамен керекті тауарларды алып жатыр. Саудаға шыққан азық-түліктің неше алуан түрі бар. Бағасы да көңілге қонымды, қолжетімді. Бір қуантарлығы, жергілікті өнімге деген сұраныс мол екен,-деді облыс әкімі Нұралы Садуақасов.
Жыл басынан бері өңірдегі сауда орталықтарында «Қостанайда жасалған» деген логотип ілінгені белгілі. Бұл да болса отандық кәсіпкерлерге деген қолдау, қазақстандық өнімдерді насихаттаудың бір жолы іспеттес.20150425033614 Облыс орталығында екі апта сайын ұйымдастырылатын жәрмеңке де ауылдағы шаруаларға демеу болып отыр. Мына суреттегі шаруа Марат Ғабдуллин Қостанай ауданы, Майкөл ауылынан келіпті. Жәрмеңкеге шошқа етін алып келген. Шошқа етін халық жарты сағаттың ішінде таласа-тармаса бөліп алды.20150425033630
-Өзім ауылда мал ұстаймын. Шошқа өсіруді кәсіп қылғаныма екі жыл. Қазір қолда қырыққа жуық шошқа бар. Жәрмеңкеге екі шошқа алып келген едім. Екеуі де өтіп кетті,-деді Марат Ғабдуллин.
 
Қымбат Досжанова

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓