Алдағыны ойын көрсетеді
Жергілікті "Тобыл" футбол командасының биылғы тұсаукесеріне шамамен жүзден аса жанкүйер жиналды. Кездесу кеші өткен "Қостанай плаза" сауда-ойын-сауық орталығының бір бөлігінде ине шаншар орын болмады десек болады. Жанкүйер көңілі алдағы маусымға алаңдаулы.




-Командадан негізгі ойыншылардың біразы кеткенін білеміз. Сол себепті олардың орындары алмасып, құрамда біршама өзгеріс бар екені байқадық. Бір жағынан жастардың негізгі құрамнан табылуы, мектебімізді қалыптастыруға сеп болады деген үлкен үміт сыйлап отыр. Қалған жаңадан келген ойыншылардың аяқ алысын маусым барысында біле жатармыз. Облыс басшылығы бұл спорт түріне оң көзбен қарап, демеушілер табылып жатса, нұр үстіне нұр болар еді, – дейді ол.




-Өзім осы клубқа жанкүйерлік еткелі команданың талай жетістігіне куә болдым. Ел чемпионы атанды, екі рет суперкубокты иеленді. Қысқасы, жүлдеден қол үзген жоқ. Әлі де сенімім мол. Оны келер аптада болатын ойын барысынан нақты айта аламын. Жалпы, бүгінгі шоу мерекелік көңіл-күй сыйлап жатыр, – дейді Нұрым.


-"Тобылдың" екі жыл бұрын чемпиондыққа таласып жүргенін естіп, ойындарына бара бастадым. Сол жылы соңғы болған алты ойынын жібермей қарадым. Теледидардан чемпион болғанын көріп төбем көкке жеткенін білемін. Сол көрініс ешқашан көкейімнен кетпейді, – дейді ол.





Айбек Ғалымұлы