Талғат Баймұратов директорлықтан кетті

Бүгін «Тобыл» ФК директоры Талғат Баймұратов қостанайлық клубтан кететінін мәлімдеді. Талғат Баймұратов қызметтен өз еркімен кетті. Ол мұны бүгін жалпы жиналыста айтты.450_526619794261a– «Тобыл» мен үшін осы 4 жылда туған шаңырағыма айналып кетті. Мен облыс әкіміне маған артқан сенімділігі үшін алғыс білдіремін. Барлық клуб қызметкерлеріне ризашылығымды айтамын. Клубтың әлде де биік белестерді бағындыратынына сенімдімін.
Сондай-ақ, директордың қаржы жөніндегі орынбасары Талғат Қосмұхамбетов пен спорттық директор Константин Гальченко де жұмыстан кетті. Олар да бірге атқарған жұмыстары үшін алғыс айтты.
Бүгін "Тобыл" ФК жаңа басшысы таныстырылады
 

«Тобыл» ФК баспасөз қызметі

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓