Басты мәселе – дәрігерлер тапшылығы

Бүгінгі күні облыс бойынша 270 дәрігер маманы жетпейді. Маман тапшылығының зардабын «Андрофарм» ЖШС көріп отыр. Аталмыш мединалық қызмет көрсету орыны бүгінгі заманауи технологиямен толық жабдықталған. Облыста тіркелген урологиялық науқастардың 48% осында емделеді екен. Ота микрохирургиялық құралдар арқылы жасалады. Адам пышаққа ілінбей, отадан кейін тез аяғынан тұрып кетеді.IMG_0947
Соңғы жылдары ер адамдардың қуықалды безінің ісік ауруларына шалдығуы жиі кезедседі. Мәселен өткен жылы «Андрофарм» ЖШС медициналық клиникасы 72 ердің ауыр дертін анықтаған. Сондықтан дерттің алдын алу мақсатында андрологиялық ем жасауды кеңейту жоспарлануда. Материалдық жағынан оған мүмкіндік кең. Тек кадр тапшылығы қол байлау болып отыр.IMG_0948
Дәрігер жетіспеушілігінен жеке меншік медицина мекемесі мемлекеттік тапсырыс ала алмай отыр. Өткені жеңілдетілген бағамен келген ауруларға қызмет көрсетуге адам жетіспейді. «Адрофарм» ЖШС директоры Сағынтай Торғаев стационарлық бөлімдегі 50 орынға тағы да 20 қосып, кеңейте алатынын айтты  облыс әкімі Нұралы Садуақасовпен болған кездесуінде.  
Қаладағы жеке меншік медициналық мекемелерді аралаған аймақ басшысы олардың тыныс тіршілігімен танысты. IMG_0949Мәселен, «Көктем -3» ЖШС стоматологиялық орталығына келушілердің 40% мемлекеттік тапсырыс бойынша жеңілдік бағасымен тіс емдейді. Олардың дені 18 жасқа дейін балалар, әлеуметтік аз қамтылған азаматтар, жүкті әйелдер.  Орталық күніне 250 адамға дейін қабылдауға мүмкіндігі бар. Бұл мекеме өткен жылы аккредитациядан өтіп, барлық талаптарға сай екендіктерін дәлелдеген.IMG_0950
Әкім алдағы уақытта жеке меншік медициналық қызмет көрсету мекемелеріндегі мемлекеттік тапсырыс көлемін арттыруды, «Саламатты Қазақстан» бағдарламаларына белсенді ат салысып, тығыз қарым-қатынас ортануды тапсырды.
Одан облыс әкімі ат басын тіреген тағы бір әлеуметтік нысан бұл құрылысы жалғасып жатқан мектеп болды. Мемлекеттік тілде білім беретін мектеп 500 орынға қарастырлған. Мердігер «Рудныйсоколовстрой» АҚ директоры Филорет Якупов құрылыс жаңа оқу жылына  дейін аяқталады деп сендірді.
 
Махаббат Бекбай 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓