Жаңа намазхана

Қарабалық ауданының Бөрлі ауылында намазхананың ашылу салтанаты болып өтті, деп хабарлайды Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі. Мұсылман жұртшылығының игілігіне берілген рухани орынның тұсаукесеріне жергілікті халық, алыстан-жақыннан меймандар қатысты.
«Сонау 90-жылдардың басында бой көтеріп, бірнеше жыл жұмыс істеген киелі орын кешегі тоқырау кезеңінде жабылып қалған-ды. Бұл әрине, жергілікті жұртшылықтың арқасына аяздай батты. Содан бері біраз уақыт өтті. Халықтың ислам дініне деген ынта-ықыласы артты. Сөйтіп, олар имандылық ордасының қайтадан ашылуына бастама көтеріп, түрткі болды. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, аудан басшыларының қолдауымен ауыл тұрғындары, жүрегі жомарт жандар, еліміздің түкпір-түкпірінде ғұмыр кешіп жатқан құтты қоныс тумалары атсалысып, қолға алған игілікті іс ойдағыдай жүзеге асырылды», – делінген хабарламада.
Айтулы шараға облысымыздың бас имамы Бахытбек қажы Тәжімбет қатысып, ауыл тұрғындарына жүректен шыққан шынайы лебізін білдірді. Сонымен қатар, аудан әкімі Руслан Халықов та жерлестерінің өміріндегі қуаныштарына ортақтасып, құттықтады.
Сонымен, 22 жылдан бері жабық тұрған намазхана есігін айқара ашты. Салтанаттың соңында ауылдың қадірменді ақсақалдары Ақатай қария мен Жақсылық қажы ақ баталарын берді.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓