«Үміт» қоғамдық бірлестігіне автокөлік сыйлады

Облыс әкімі Нұралы Садуақасов жақында «Үміт» қоғамдық бірлестікгінде болғанда темір тұлпар сыйлауды уәде еткен еді. IMG_7735Сол уәдесінде тұрып, 16 орындық «Ивеко» автокөлігінің кілтін қоғамдық бірлестік төрайымы Аруна Жақсығұловаға сыйлады.IMG_7738

– Сіздердің қоғамдық бірлестіктеріңіз атына заты сай, мүмкіндігі шектеулі жандарға жарқын өмірге үміт береді. Мұндай қайраттылық тіпті он екі мүшесі сау адамда да болмай жатады. Мына көлік игіліктеріңізге жарасын.  Тағдыр тауқыметіне ұшыраған жандарға көмек көрсету жолындағы ісіңізге пайдасы тисін. Ендігі мәселе сіздердің ғимараттарыңызды жаңарту. Оны да алдағы уақытта шешеміз деп ойлаймын – деді аймақ басшысы Нұралы Садуақасов.        

IMG_7731 «Ивеко» темір тұлпары отандық. Қостанайда жасалған. «Тобыл» ӘКҚ өзінің әлеуметтік салаға қолдау көрсету міндетін орындап, автокөліктің мүгедек жандар игілігіне пайдалануы үшін жағдай жасады.IMG_7745

         – Осындай үлкен сый жасағаныңызға алғысымыз шексіз. Енді біздің ұйымның ауқымын кеңейтіп, облысты аралап, мүгедек жандарға барынша қолдау көрсетуге зор мүмкін ашылды – деп өз ризашылық білдірді Аруна Жақсығұлова. 

        IMG_7758Темір тұлпарды сынап көрейк деп әзілдеген аймақ басшысы бірлестік мүшелерімен бірге  шағын автобуспен көшені бір айналып келді.

Махаббат Бекбай 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓