Қала тынысы кеңейеді

Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов 30 желтоқсанда Қостанай қаласындағы бірнеше әлеуметтік, өндірістік нысанды аралады.

20180103143928Қазір облыс орталығында құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын қалған бірқатар нысан бар. Солардың бірнешеуі Әуежай шағын ауданында ірге көтеріп жатыр. Нақтылап айтқанда, таяу арада спорттық-ойын-сауық кешені пайдалануға беріледі. Мұнымен қоса, 900 орынға шақталған орта мектеп салыну үстінде. Бұл да түсінікті – қаланың солтүстік-батыс бөлігіндегі жаңа ықшам ауданның болашағы зор, тұрғын үйлер бой түзеп, жұрт ұйыса бастады. Сондықтан, аймақ басшысы жаңа келбетті аудандағы бұл әлеуметтік нысандар сын мен сапаға сәйкес келу керектігін ескертті.IMG_6150IMG_6006Қаланың өндірістік ахуалын жақсартады деп күтілетін нысандар да пайда болады. Солардың ең әлеуеттісі – индустриялық аймақ. Оның ішіне бірнеше кәсіпорын құрылысы қызу жүріп жатыр. Мәселен, "ВЕК Қазақстан" ЖШС жеделсаты шығаратын зауыт құрылысын қолға алған. Бұл зауыттың құрылысы осы жылдың қыркүйек айында басталған еді. Жобаның жалпы құны – 2,5 млрд теңге. Кәсіпорын жылына 700 жеделсаты жасап шығаруға қауһарлы. Қазірдің өзінде-ақ 105 млн теңгенің жеделсатыларына алдын ала сұраныс қабылдап қойыпты. 20180103143923Дәл осы маңда "Урал ЛТД" ЖШС үлкен сұраныс болған жағдайда "Кировец" тракторының 500-ге дейінгі данасын шығаруға ниетті. Директоры Валентин Романов облыс әкімімен кездесу барысында ресейлік трактор құрастыру жоспары барын айтты. А.Мұхамбетов те оның жоспарын құп танып, инвесторлар тарапынан 1 млрд теңге бөлінген жағдайда жер учаскесі берілетінін жеткізді. 20180103144028"Біз жер учаскесін бөлеміз, содан кейін сіздерге инвесторлардың тиісті қаржы құюын күтеміз. Қазірдің өзінде Индустриялық аймақта өз жобаларын жүзеге асырғысы келетін кәсіпорындар көп, өйткені егер олардың базасында еркін экономикалық аймақ болса, салықтық жеңілдіктерге ие. Сондықтан да ең әуелі инвестиция мәселесін шешіп алыңдар", – деді облыс әкімі. Бұл міндетке серіктестік директоры кезек күттірмей кірісетінін мәлімдеді.IMG_6066

IMG_6225Сондай-ақ, Архимед Мұхамбетов Гашек көшесіндегі жаяу жүргіншілерге арналған жерүсті өткелін барып көрді. Ұзындығы 17 метр, ені 2 мертлік нысанға 37 млн теңге жұмсалған. Тұрғындарға қолайлылық туғызған бұл құрылысты халық қазірдің өзінде пайдалануда. Мұнда мүмкіндігі шектеулі жандар үшін арнайы лифт орналастырылған, оны олардан басқа адамдарға тұтынуға рұқсат жоқ. Аймақ басшысы облыс орталығындағы мұндай алғашқы өткелмен өзі жүріп көрді.    IMG_6353

Жандос Жүсіпбек,
Суреттерді түсірген Бағдат Төлебай.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓