Жас жайдарманшылар жобасы

Қостанай жайдарманшыларының филиалы, "Жайдарлы жастар" қоғамдық қоры мен облыстық "Жайдарлы Жас Ұлан" мектеп лигасының ұйымдастыруымен алғаш рет облыс мектептері арасындағы "Көктем кубогы" арнайы жобасы жүзеге асырылды. Бүгінде "Жайдарлы Жас Ұлан" мектеп лигасы облыс көлемінде өтіп жүрген сайыстардың бел ортасында жүреді. Оған қостанайлық белгілі жайдарманшы Бақытжан Әлкебай жетекшілік жасайды.e2uXL0DCFGg
Көңілділер мен тапқырлардың бәсекесіне Арқалық, Рудный, Глазунов, Семеновка және Қостанай мектептерінен барлығы тоғыз команда бақ сынасты. Әділқазылар алқасында Қостанай жайдарманшылар филиалының директоры Марғұлан Бәкір төрағалық етті.
Кезеңдерде көп ұпай жинаған Арқалық қаласындағы № 6 мектеп оқушыларының «Сүйкімді» командасы «Көктем кубогын» иеленді. Жеңімпаз құраманың барлығы аталмыш оқу ордасының алтыншы сыныбында оқиды. 
– «Сүйкімділердің» құрылғанына екі жылдың көлемі болып қалды. Қостанайдағы бұл сын жас әзілкештер үшін жақсы тәжірибе болды. Облыстың мықты деген жайдарманшылары жиналған ойында жеңіске жеткенімізге қуаныштымыз. Ең алдымен, мектеп ұжымына және оқушылардың ата-аналарына алғысым шексіз, – деді жеңімпаз команданың жетекшісі Арғын Жүкебаев.KE3Obkvm-OY
         «Көктем кубогы» жобасында кіші кубокты Семеновка орта мектебінен келген "Көшіп келгендер" командасы жеңіп алды. "Үздік әзіл" номинациясында Рудный қаласы мектептерінің құрамасы марапатталды.
Ал өткір әзілдерімен жұрттың қошеметіне бөленген "Бауырсақтар" командасының ойыншысы Майра Раисова «Үздік ойыншы» атанды. Енді барлық командалар күзде болатын мектеп лигасына қатысады.
 

Қасқырбай Қойшыманов

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓