Қайырымдылықтан қалыс қалма!
«Жас Отан» ЖҚ Қостанай облыстық филиалының белсенділері су тасқынынан зардап шеккен қарағандылықтарға керек-жарақ жинауда. Аталған қайырымдылық іс-шарасы облыс орталығындағы «Отау сауда» сауда үйінде өтті.
Жасотандықтар қайырымдылық шарасы туралы «В Контакте», Facebook и Instagram әлеуметтік желілері арқылы хабарлап, жас толқынды көмек көрсетуге шақыруда. Өткен аптаның жексенбісінде акцияға отыз қостанайлық қатысып, азық-түлік, киім-кешек тапсырған. Су тасқынынан зардап шеккендерге керек-жарақты жинау шарасы 1 мая көшесіндегі «Жастар бастамаларының орталығында» күн сайын сағат 9.00-18.00де, Таран,83 мекенжайында және Победа, 52 көшесіндегі «Отау сауда» ғимаратында сейсенбі мен жексенбі аралығында сағат 14.00-17.00 де өтеді. Аталған мекенжайлардың біріне барып, қайырымдылық шарасына үлес қосуға болады.
– Киім-кешек жеткілікті деңгейде жиналды. Көмек қорын жөнелту үшін Теміржол вокзалы мен «Қазпочта» басшыларымен келістік. Біздің жіберген заттарымызды «Жас Отан» ЖҚ қарағандылық филиалы күтіп алады,-деді «Жас Отан» ЖҚ Қостанай облыстық филиалының атқарушы хатшысы Ерлан Төлетаев.
Қымбат ДОСЖАНОВА