«Тобыл» тағы жеңілді

5534756f85852Қостанайдың «Тобылы» сырт алаңда тағы жеңіліс тапты. Бұл жолы "Таразға" 0:1 есебімен жол берді. Алғашқы таймда тәп-тәуір ойын өрнегін көрсеткен жерлестеріміз екінші тайм басталғанда өз қақпаларына доп жіберіп алды. Ойынның 57-ші минутында «Тараз» ойыншысы Альмир Мұхиддинов тепкен айып добы Александр Петухов қақпасынан табылды. Сөйтіп, Евгений Яровенко баптайтын жамбылдық команда маңызды үш ұпайға қол жеткізіп, турнир кестесіндегі жағдайын жөндеп алды. Олар әзірге бесінші орында тұрақтап тұр. Керісінше, «Тобыл» сегізінші орынға жайғасты. 5534757729620Естеріңізде болса өткен аптада команданың бас бапкері Вардан Минасян өз орынын босатқан еді. Қазір қостанайлық команданы уақытша Сергей Масленов баптайды. Оныншы турға дейін «Тобылға» жаңа бас бапкер тағайындалады дейді клуб басшылары. Ал келесі матч Қостанай өтеді. 25 сәуір күні жерлестеріміз «Ордабасыны» қабылдайды.
 
Әлібек ЫБЫРАЙ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓