«Тараз» «тізе бүкті»
Тараз қаласында жергілікті клуб Қостанайдың «Тобылын» қабылдап, 0:5 есебімен ойсырай жеңілді. Есеп небәрі 3-минутта ашылды. Жамбылдық қорғаушы Симчевич қостанайлық Себаиды шалып жығып, төршеі пенальти белгіледі. Азат Нұрғалиев нүктеден қателеспеді. Бұл – «Тобыл» капитанының маусымдағы 8-ші голы. 12-минутта Бауыржан Тұрысбек «Тараз» қақпашысын сан соқтырды. Есеп – 0:2! Сәл уақыттан соң «Тобыл» басымдықты толықтай қолына алды. Сенин Себаи есепті еселеді түссе, 76-минутта екінші голын соқты. Кездесу нүктесін 90-минутта Дмитрий Мирошниченко қойды. Азат Нұрғалиевтің пасын голға айналдырған ол екінші ойын қатарынан көзге түсіп отыр.
«Тобылдың» жартылай қорғаушысы Самат Жарынбетов «Таразға» қарсы өткен ойын туралы пікір білдірген болатын.
– Ойын басталғаннан-ақ басымдыққа ие болдық. Жігіттер алаңның әр шебінде күресіп бақты. Нәтижесінде, осындай жеңіске қол жеткіздік. Мұның маңызы жоғары. Себебі, алда үзіліс күтіп отыр. Жақсы көңіл күймен оралуға бір себеп. Жанкүйерлерді осынау жарқын жеңіспен құттықтаймын. Сіздердің қолдауларыңыздан команда тың күш алады, – дейді футболшы.
Осылайша, Жұмасқалиев шәкірттері турнир кестесіндегі бірінші орынды сақтап қалды. Енді 26-тур ойындары 15 қыркүйекте өткізіледі. «Ақтөбе» мен «Атырау», «Астана» мен «Шахтер», «Қайрат» пен «Жетісу», «Ордабасы» мен «Қайсар», «Тобыл» мен «Оқжетпес» командалары кездеседі.