Санитарлық тазалық күні

25 сәуір – облыс бойынша санитарлық тазалық күні болып жарияланды. Барлық жерлерде қоршаған ортаны қыстан қалған қоқыстан тазарту жұмыстары жүргізілуі тиіс. Бұл іс-шарадан тыс қалмай, белсенділік таныту әр тұрғынның міндеті деді аймақ басшысы  аппарат жиналысында.IMG_9641
Сенбілікке шығудан бас тартатындардың дені сол қоқысты шашатын адамдар. Сондықтан мыңдаған адам ластаған қала мен ауылды оншақты азаматтың жинағаны әділсіздік. Бәріміз бір адамдай жұмылуымыз қажет деді  облыс әкімі.
Сонымен қоса, Нұралы Садуақасов демікпесі бар адамдарға залал келтірмеу үшін қоқысты өртегендерге қатаң жаза қолдануды тапсырды.
 
Махаббат Бекбай

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓