Балуан

Халықаралық спорт жарыстарының жүлдегері Әлішер Мұханбетжановтың есімі спорт сүйер қауымға жақсы таныс. Арқалық қаласының тумасы халықаралық жастар күні қарсаңында Қостанай облысының әкімі А. Мұхамбетовтің қолынан Құрмет грамотасын алды.

уауСпортшы аймақтың мемлекеттік жастар саясатын дамытуға қосқан үлесі үшін марапатталды. Бүгінде Әлішер Мұханбетжанов – Қостанай қалалық БЖСМ қазақша күрес бойынша жаттықтырушысы. Қазақ күресі мен самбодан ҚР спорт шебері туралы толық мәліметті бейнероликтен біле аласыздар.

Әлішер Мұханбетжановтың жетістіктері:

  • Самбо күресінен 23 жасқа дейінгі ҚР чемпионаты 2012 жыл – 3 орын, Қарағанды қ
  • Самбо күресінен Қабанбай батыр мемориалы ҚР кубогі 2012 жыл – 2 орын, Семей қ.
  • Самбо күресінен Қабанбай батыр мемориалы ҚР кубогі 2013 жыл – 3 орын, Семей қ.
  • Қазақ күресіненҚазақстан Республикасының кубогі, 2013 жыл – 3 орын, Қостанай қ.
  • Қазақ күресіненҚазақстан Республикасының чемпионаты 23 жасқа дейін 2013 жыл – 3 орын, Қызылорда обл. Машбек ауылы.
  • Қазақ күресінен Қазақстан Республикасының чемпионаты 23 жасқа дейін 2014 жыл – 2 орын
  • Самбо күресінен Қабанбай батыр мемориалы Қазақстан Республикасының кубогі 2014 жыл – 1 орын, Семей қ.
  • Самбо күресінен Халықаралық турнир Кенес Одағының батыры Таймбет Комекбаев атындағы, 2014 жыл – 3 орын, Қызылорда облысы Қармақшы ауылы
  • Қазақ күресінен Қазақстан Республикасының чемпионаты 2014 жыл – 3 орын, Талдықорған қ.
  • Бүкіл әлемдік Көшпенділер ойындары, 2014 жыл – 1 орын (қазақ күресі); 3 орын (қырғыз күресі), Қырғыстан Республикасы, Шолпан-ата қ.
  • Қазақ күресінен Қазақстан Республикасының чемпионаты 2015 жыл – 3 орын, Аягөз қ.
  • Қазақ күресінен Қазақстан Республикасының кубогі2016 жыл – 2 орын, Шығыс Қазақстан обл., Абай ауданы
  • Қазақ күресінен Қазақстан Республикасының кубогі2017 жыл – 3 орын, Шығыс Қазақстан обл., Абай ауданы
  • Қазақ күресіненҚазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев жүлдесі VI халық аралық спорт ойыны, 2018 жыл – 3 орын, Ақтау қ.
  • Қазақ күресіненҚазақстан Республикасының кубогі 2018 жыл – 2 орын, Атырау қ.
  • Бүкіл әлемдік көшпенділер ойындары, 2 орын – 2018 жыл, Қырғыстан Республикасы, Шолпан-ата қ.
  • Қазақстан Республикасының кубогі, 2019 жыл – 3 орын, Шымкент қ.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓