Ауруханадағы ашық сабақ

DSC06662ОІІД әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлері №23 орта мектеп оқушыларына ауруханада жол жүрісі ережелері бойынша ашық сабақ өткізді.
"Назар аударыңыздар, балалар!" акциясы шеңберінде тәртіп сақшылары 4 сынып оқушыларымен бірге облыстық балалар ауруханасына барды. Мұнда мамыр айында жол-көлік апатында жарақаттанған 7 бала түсіпті. Оқушылар жол ережесін сақтамағандардың қандай жағдайға тап  болғанын көріп, білді.
Жалпы жыл басынан бері облыс аумағында жасөспірімдердің қатысуымен 24 жол-көлік апаты болып, 27 бала әртүрлі дене жарақатын алды, 1 бала опат болды.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓