Біле жүріңіз
Мексика елі жыл сайын қарашаның 1-2 күні Өлілер мерекесін тойлайды. Бірінші күнгі мереке "Күнәсіздер күні" деп аталады. Онда қайтыс болған балаларды, ал екінші күн ересектерді еске алуға арналады екен. Бұл есте жоқ ескі сонау 3.500 жылдан бері тойланып келе жатқандықтан Гиннестің Рекордтар кітабына кірген. Біз болсақ, ашаршылықтан қынадай қырылған алаш азаматтарының рухына тағзым ететін, ұлт болып аза тұтатын күнді әлі күнге дейін дербес белгілей алмай жүрміз. Ал мексикандықтар қазақтың "өлі разы болмай, тірі байымайтынын" атам заманнан білгені ғой.
***
Канадалық қара күш иесі Кевин Фаст 2009 жылы 17 қыркүйекте аса ауыр 190 тонналық "Boeing CС-177 Globemaster III" әскери көлік ұшағын жалғыз өзі 8.8 метрге дейін сүйреген. Енді ол 285 тонналық Ан-225 "Мария" алып машинасын сүйреуге құлшынып жүр дейді. Осыдан кеп ойлайсың: қазақ ертегілердегі тау қопарған Толағай секілді ғажайып күш-құдірет иелері арман – қиялдың жемісі деуші ек, сірә, жұмыр басты адам баласының құдіреті әлі ашылмай келе жатыр ма екен-ау.
***
Алмаз жанады екен. Сонау 1694 жылы, Италия ғалымдары Дж. Аверани мен К.-А. Тарджони ұсақ алмастарды 850-1000о C -та балқытқанда ол ірі кесек алмасқа айналып, керемет сұлу көгілдір жалынмен лаулай жанған. Ал ауасыз кеңістікте алмасты 2000оС қыздырғанда кәдімгі графитке айналады. Сонда дейміз-ау, асыл тас айнымас дегеніміз бекер, бәрібір қыспаққа түскенде, барынан айырлып, қадірінен айырылады екен.
***

Мәскеудің танымал сәулетшісі В.Е. Дубовской, Филатовқа модерн үлгісінде сәулетті үй салып, оның жоғарыдағы бір бұрышына төңкерілген рюмканы салады. Сөйтіп ол бүкіл мәскеу жұртына арақты тастағанын осылай паш етеді.
***

***
Пернені басқанда өткір істік ине мысықтың құйрығына шаншылғанда, жан даусы шыққан. Сарайдағылар сол дауыстардан аккордтарды реттеп, әуендерді түзген. Мысыққа деген мұндай өшпенділік сол заманда шіркеу мысықты шайтанның жіберген ібіліс, көмекшісі деп санаған. Ал қара түсті жәндіктің өмірі қыл үстінде болған. Мұндай қатыгез құрылғы бүкіл Еуропаға тараған. Осындай 7 ден 14 ке дейін ұялы аспаптар көп тарапты болған. Тозған семген мысықтар сол жерде өртеп жіберілген. Тіпті I Петр кунсткамера үшін Гамбургке мысықты аспапқа тапсырыс беріпті.