Әдемі апалар бөбектерді мәз етті

IMG_1604новая1Қаламыздағы "Дельфин" сәбилер үйіне жолымыз түскен еді. Ғимараттың іші-сырты жайнап тұрғанымен, кірген жанға балғындардың жәудір көздері кірбің ұялатпай қоймайды. Келген меймандардан жылы шырай күтетін олардың жүректері нұрлы сезімнен туған арман мен өкініштен тұратынын аңғартқандай. 
Облыс прокуратурасы қылмыстық процестердің заңдылығын қадағалау бас-қармасының  аға прокуроры Айман Мәулетова және прокурордың көмекшісі Ирина Михайлова сәбилер үйіндегі кездесуде осындай сезімде болғандарын айтады. Балаларды қорғау күніне орай ұйымдастыр-ған қайырымдылық шарасы аясында құқық қорғау ұйымының аталған басқармасы мекеменің мемлекеттік құпияны сақтау тобымен бірігіп, бөбектерді шат-шадыман қуанышқа бөледі. Жазғы әдемі аяқ-киімдерді табыс етті. Сәбилер сол сәтте-ақ киіп алып, тәй-тәй басты. Бүлдіршін-дер әдемі апаларын айналшақтап, аймалады. Жүздеріне тура қарап, көздерінен аналық мейірімді көрді. Сыйлықтарға мәз болып, шаттанды. Жәудір көздерге жүрек жылуын төгіп, бауырына басқан апалары да толқыды. Құқық қорғау органдарында қызмет істей жүріп, небір қаталдықты көрген Айман мен Иринаның жүрегі  де елжіреді, езілді. Дегенмен жүздеріне қуаныш орнап, мұңы сей-ілген балаларды көріп, ол да күлімсіреді.
"Жерде бір сәби қуанса, көкте қырық періште бірге қуанады" дегеніміз де осы шығар.
Айбек
       ЖҮЗБАЙ
Суретте: "Дельфин" сәбилер үйінде.
Суретті түсірген автор. 
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓