Көктем
Көктем – менің жастық шағым аңсаған,
Жастығымды есіме алсам тамсанам.
Жылдың басы – "көктем тағы келді" – деп
Бар әлемге мен былай деп жар салам:
Көктем деген қыздың сыңғыр күлкісі,
Көктем деген қырдың қызыл түлкісі.
Көктем деген нәзік сезім бойдағы,
Көктем деген арман-қиял ойдағы.
Көктем деген таңғы самал желпіген,
Көктем деген ғашықтар ғой елтіген.
Көктем деген көңілдегі қуаныш,
Көктем деген жас сәби ғой жұбаныш.
Көктем деген көңілді бір басқосу,
Көктем деген жасыңа бір жас қосу.
Көктем деген күн менен түн тенелу,
Көктем деген айран, сүтке кенелу.
Көктем деген жылдың әсем аруы,
Көктем деген ағаштың бүр жаруы.
Көктем деген қыстың тағы кетуі,
Көктем деген байлық, ырыс, береке,
Көктем деген ойын-сауық мереке.
Көктем деген қырдың гүлге толуы,
Көктем деген құстың көлге қонуы.
Көктем деген ынтымақтық елдегі,
Көктем деген бейбітшілік жердегі.
Бар асылды қатар қойдым
Көктеммен,
Бұдан артық не тілейін Көктен мен!
Көктем деген сылдыр қаққан бұлақтар,
Көктем деген жайқалған көк құрақтар.
Көктем кетсе қысты қайта аңсаймыз,
Ерке көңіл қайсына оның тұрақтар!
Тарғын ӘБЕНОВ.