Білектің көркі – білезік

 Әшекей бұйымдарын әйел заты көбірек пайдаланады. Алайда, көбісі сәндік бұйымдарды қолдан жасауға болатынын ескере бермейді. Сондықтан өзім жасаған білезіктің дайындалу әдісін баяндамақпын.
Қажетті заттар: 50-60 см атлас лента, моншақ, бисер, ине-жіп, қайшы.13
1. Жіпті сабақтап алып, бір ұшын түйеміз. Жіптің ұшы шешіліп кетпеу үшін, түйілген шетіне бір бисерді өткіземіз. Атлас лентаның шетінен 15 см орын қалдырып, бисер түйілген жіпті лентаның теріс жағынан оң жағына өткіземіз.
2. Енді таңдалған моншақты тігеміз.
3. Бір моншақты тіккен соң 12 мм аралықта орын қалдырып, келесі моншақты өткіземіз.
4. Осылайша  араларына орын қалдырып, 15-20 моншақты атлас лентаға тізіп шығамыз.
5. Енді жіптің ине өткізілген шетін мұқият тарта отырып, лентаны жиырамыз. Сөйтіп барлық тігілген моншақтарды бір-біріне жақындатамыз. Лентаның бос болмауын және моншақтардың тығыз орналасуын қадағалаңыз. Жіптің ұшына тағы да бір бисер өткізіп, шетін түйеміз.
6. Түйілген жіптер көрінбеу үшін, лентаның екі шетін моншақтардың жанынан әдемілеп байлаймыз.
7. Міне, көп уақыт пен шығынды қажет етпейтін білезік те дайын болды! Білезікті жасауда басқа түсті моншақтар және лентаны өз талғамыңызға сай таңдауы- ңызға болады.
 
Арайлым АМАНТАЙ.
Қостанай қаласы.

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓