Жат ағымды ажырата біл

Осыдан екі жыл бұрын діни басқарма жанында республикалық ақпараттық-насихаттық топ ашылған болатын. Оның мүшелері еліміздің өңірлерін аралап, кездесулер ұйымдастырады. Мақсат қазақстандықтардың діни сауаттылығын арттырып,  экстремизнің не екендігін түсіндіру. Отандастарымыздың етек жайып бара жатқан жат ағымдарға тартылуын алдын алу.IMG_9210
Жақында Қостанай қалалық мешіті қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты студенттері үшін  Алматыдағы Нұр Мүбарак ислам мәдениеті университетінің ғылыми-зерттеу орталығының қызметкері Жасұлан Жүсіпбеков дәріс оқыды.
Республикалық ақпараттық-насихаттық топ мүшесі Жасұлан Жүсіпбеков Египетте Әбу Ханифа мазхабын оқып келген. Дін өкілінің айтуынша оның алған білімі ата-балаларымыздан қалған салт-дәстүрге және  діни басқарманың ұстанымына сәйкес келеді. Сондықтан алған білімі өскелең ұрпақты теріс жолдан аман алып қалуға  септігін тигізеріне сенімді.
Жастармен болған кездесуде исламның дұрыс әрі бұрыс жолдарын ажырата білудің қажеттігі сөз болды. Дінді желеу етіп арам ойларын іске асырып жатқан жат ағымдар жайлы түсінік берілді. Студенттер бұл мәселенің қазіргі таңда өзектілігін түсінсек керек, дәрісті зор ынтамен тыңдап, сұрақтарын қойып жатты.IMG_9188
Алдағы күндері Қостанай қалалық мешітінің қызметкерлері мұндай кездесулерді одан әрі жалғастырмақ. Облыс орталығыныңдағы білім ордалары студенттерімен жүздесіп, жастардың діни сауаттылығын арттырмақ.
 
Махаббат Бекбай
Суреттерді түсірген Бағдат Ахметбеков

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓