“Zhasa” еңбегі жасампаз

Қолөнер мен сәндік-қолданбалы өнер туындыларын жасаумен айналысатын шығармашылық топ бар. "Zhasa" деп аталатын ұжым шеберлері мәдени-көпшілік шараларда жұрттың разылығына бөленіп жүр.1NK_6520
Өнердің бұл түрі қашанда көрнекі. Әлдекім үшін елден ерек ермек, бәз біреу үшін ұлттық нақыштың көрінісіндей. Қостанайдағы  "Zhasa" шығармашылық тобының шеберлері көрермендерін тәнті етуден танған емес. Кез келген ұлттық мейрамдарда көрме жайып, үнемі шеберлік сабақтарын өткізеді.1NK_6564
Мәселен, таяуда ғана Л.Толстой атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханада өткен "Кітапхана түні-2018" шарасында да аталмыш ұжым бой көрсетті. Қалың көпшілікке арнап "Қолөнер құдіреті" көрмесін ашты. Кітапхана ғимаратының бірнеше алаңшаларында ниет білдірушілерге ою-өрнек, оригами жасау, сабын қайнату, моншақ тоқу, ағаштан ыдыс-аяқ ою, қолдан кәдесый әзірлеуді үйретті. Хас шеберлер қолөнер ісіндегі бірнеше бағытты назарға ұсынды. Айталық, экодорбаны 4 қимылмен істеуді, лофт стиліндегі заттар жасатуды көрсетті, қолмен аяқ киім тігудің амалдарын үйретті.1NK_6530
Жиылғандардың жасы да, жасамысы да "Zhasa" ұжымының жасампаз өнеріне жақсы баға берді.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓