Киім күтімі
– Кір киімді ұзақ сақтамаңыз, жуу қиын болады. Кір киімді себетте немесе саңылаулары бар жәшікте жинаңыз. Ылғал жерде жатқан киім көгеріп кетеді.
– Жиі жуғаннан киім сарғая бастаса бір шелек суға 2 ас қасық мүсәтір спиртін және 2 ас қасық 3 пайыздық сутегі тотығын қосып, осы ерітіндіде киімді 20-30 минут ұстаңыз. Одан кейін жақсылап шайып жібеу керек. Екінші әдісі – 1 ас қасық хлорды жарты стақан суға езіп алып, 1 литр суға ерітеді де, киім жуатын суға мата арқылы сүзіп құяды. Анда-санда ағаш таяқшамен араластыра отырып, киімді 20-25 минут ұстаңыз да, жақсылап шайып жіберіңіз. Бірақ, бұл әдісті жиі қолдануға болмайды. Хлор матаны тоздырып жібереді.
– Қолданылмайтын ақ жаймаларды жылына бір рет жуып алып, сақталатын шкафты желдетіп отырыңыз.
– Егер қоңырқай перделердің түсі оңа бастаса, кофе мен шай тұнбасы қосылған суға шаю арқылы түсін қалпына келтіруге болады.
– Жүн матадағы май дағын кетіру үшін, алдын ала жарты сағаттай кір жуатын ұнтақ ерітіндісіне салып қойыңыз. Қара түсті жүн маталарды жуғанда 100 г қышаны стақандағы суға ерітіп, мата арқылы киім жуатын суға сүзіп құйсаңыз, өңі ашыла түседі.
– Тері баскиімдерді тазалауда да бензинді қолдануға болады.
– Былғары баскиімдерді екіге жарып кесілген пиязбен ысқылап тазалаңыз. Пияздың ластанған бетін жонып алып тастап отырыңыз.
– Замш баскиімдерді ұсақ тұзбен тазалауға болады. Тек бұл әдісті жиі қолданып керегі жоқ.
– Тері киімдерді сандықта сақтамаған дұрыс, олар мақта-мата немесе қағаз пакеттердің ішінде ілініп тұруы керек. Сақтауға қойылатын шкафты алдын ала тазалап, ішін желдетіп алыңыз. Тері киім қалтасына күйеге қарсы нафталин салуды ұмытпаңыз, тек нафталинді киімге сеппеңіз. Жасанды тонға күйе түспейді.