Фотобайқау жеңімпаздары анықталды

"Қостанай таңы" газеті ұйымдастырған «АУЫЛЫМ – МЕНІҢ  ЖҰМАҒЫМ!» атты  фотобайқауы өз мәресіне жетті. Оқырмандарымыз бір айдан астам уақыт өздерінің туындыларын жолдап отырды. Олардың арасында мектеп оқушыларынан бастап түрлі саланың өкілдері, мемлекеттік қызметкерлер де бар. Фотосуреттер газет пен сайтта үздіксіз жарияланды. Байқау талабы біреу-ақ – фотосурет тосын, соны, көркем, түрлі-түсті және деректі  болу  керек.    
Арнайы тәуелсіз комиссия байқауға лайық фотосуреттерді іріктеді. Үздіктер анықталды. Ендеше, бұл жолғы фотобайқаудың жүлдегерлерімен таныс болыңыздар.
 
 
1-орын – Дулат Едрес
Ол – Меңдіқара ауданы, Қаратал ауылының тумасы. Қазіргі уақытта Қостанайдағы «Сарыарқа Автопром» АҚ инженер болып жұмыс істейді. Дулат Қабатайұлы әр жаз сайын ауылға барып, оның көрікті жерлерін суретке түсіріп, өз фотоальбомына жинап жүреді. Байқауға ұсынған мына фотосуреті біздің тәуелсіз сарапшылардың жоғары бағасын алды.  
IMG_0003
 
2-орын – Жанболат Кенжеғұл
Жанкелдин ауданы, Қызбел ауылында дүниеге келген. А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ журналистика мамандығының 4-курс студенті. Ол туған жерімен қатар Глазунов, Семенов елді мекендерінің тыныс-тіршілігін кадрға іліктіріп, бізге жолдады.IMG_3010
 
3-орын – Санжар Алпыс
Ол – Аманкелді ауданындағы Ә.Боранбаев орта мектебінің 8-сынып оқушысы. Жас қатысушымыз ауыл баласының жарқын бейнесін жеткізуге тырысқан. Оның туындысы да шынайы шыққан секілді. Ауыл 9
Сондай-ақ, Астана қаласының тұрғыны Марал Әлмағанбетова, Арқалықтан қатысқан Бағлан Жолтай, әулиекөлдік Нұрымжан Милқатовтар ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды.
 

You may also like...

1 Response

  1. Гулим айтты:

    АДИЛ байкау!

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓