Жастар мерекесі жанданып келеді

2011 жылдан бері елімізде «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу», яғни ғашықтар күні аталып өтілетін болды. Аз уақытта жастардың төл мерекесіне айналып үлгірген бұл күнді қостанайлық студенттер де назардан тыс қалдырмады. А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ-нің акт залында журналистика кафедрасының мұрындық бола білуімен «Махаббат бекеті» сайысы ұйымдастырылды. 11136961_1551117855152163_218767951_nЖарысқа университеттің кәсіподақ ұйымы мен «Арман 3D» кинотеатры демеушілік жасады. Төрт кезеңмен өткен «Махаббат бекеті» сайысына бес жұп қатысты. Әркім өздерін таныстырғаннан кейін өнер көрсету кезеңінде аянып қалмады. Бірінші болып шыққан Ерболсын мен Меруерт латын-американдық тангоны билесе, Наурыз бен Ақбаян «Бағым сен» әнімен жұрт қошеметіне бөленді. Айта кетейік, махаббат сайысына арнайы шақырылған әншілердің қатарында республикалық байқаулардың жүлдегері Нұрахмет Махмұт та бар. Екінші кезеңде қатысушыларға ситуациялық сұрақтар берілді. Бұл сыннан үздік шыққан – Жанболат пен Гүлнұр.11154024_1551117771818838_727170633_o Тамаша мүмкіндікті пайдалана білген батыл жігіттер сайыстың үшінші кезеңінде жұрт алдында өз сүйіктілеріне сезімін білдіріп, кеш көркін қыздырды. Мұқағалидың өлеңімен көсілген Айбат жігіт жұбы Алтынға сахнада тұрып сөз салды. Соңғы «Махаббат мүсіні» бөлімінде қос жұп белгілі бір махаббат символын көрсетіп, оның мағынасын түсіндіріп кетуі қажет болды. Ал Ернар мен Жұлдызай аты аңызға айналған «Титаник» фильміндегі кейіпкерлерді бейнелеп әділқазылардың зор бағасын алды. – «Махаббат бекеті» сайысы қаламызда 2009 жылдан бастау алады. Былтырдан бері байқаудың форматы өзгертілді. Жарыс жалпы алғанда жақсы деңгейде өтті. Дегенмен, жұптардың кейбір жетіспейтін тұстары көрініп жатты. «Көш жүре түзеледі». Махаббат мерекесі жыл сайын аталып өтсе екен деймін. Енді оны ұлттық дәстүрлерімізбен жарастырып, одан әрі байыту, әрі қарай жалғастыру – қоғамның, әсіресе жастардың міндеті, – деді дәстүрлі түрде жүзеге асып келе жатқан сайыстың құрылтайшысы Амангелді Шөрентаев.11159109_1551117631818852_1653946606_o Сонымен, ғашықтар сынынан сүрінбей өткен қос жұп Жанболат пен Гүлнұр бас жүлдені иеленді. Оларға «Арман 3D» кинотеатрына тегін билеттер берілді. Қатысушылардың барлығына арнайы дипломдар мен сыйлықтар табыс етілді.
 
Қасқырбай Қойшыманов

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓