Алматылық психолог тренинг өткізді

Қостанай облысы әкімдігінің дін істері басқармасы Алматы қаласындағы ҰҚК Академиясымен бірігіп «Деструктивті секталардың және радикалды топтардың ықпалдарына қарсылық психологиялық аспектілері» тақырыбы бойынша дәріс пен тренинг өткізді. Іс-шара А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ-дің бас ғимаратында өтті. Оған университеттің діни зерттеулер орталығы, гуманитарлық-әлеуметтік, ақпараттық технология, тарих және құқық факультеттерінің студенттері мен бір топ жастар қатысты. Дәрісті оқып, тренингті өткізген Лола Сергейқызы Шакимова – ҰҚК Академиясының тәжірибелі психологы. Елімізге еңбегі сіңген маманның бұл тренингті Қостанай жерінде бірінші рет өткізуі.img_2746
Дәрісте талқыланған басты мәселе – діни ұйымдардың жастарға деген ықпалы Һәм секталардың көбеюі. Лола Сергейқызының пайымдауынша, қазіргі кезде жас буын өкілдеріне діни ақпар аз жетеді. Мысалы, деректі бастапқы алған адам басқаларына өзгеше түрде жеткізуі ғажап емес. Сондықтан діни сауаттылық нөмірі бірінші тақырып болуы керек.
– Бұл бір өзгеше дәріс болды. Тренинг барысында Лола Шакимова әр түрлі әдіс-тәсілдерді пайдаланды. Ең жақсысы, діни ақпаратты нақты әрі дәлелді алу керектігін ұқтым. Расында да, бүгінде тура жолдан адасып, ақшаның соңынан еріп жатқан жастар жетерлік. Оларға тура бағытты нұсқау үшін осындай іс-шаралар ұйымдастырылып тұру керек деп ойлаймын, – деді тренинге қатысушы студент Қайыржан Қоңыршин.
Жиын барысында Лола Сергейқызы студенттерге террорлық шабуылдар мен радикалды топтардың ықпалдары жайлы баяндап берді.  
 
Қасқырбай Қойшыманов

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓